03 сәуір 2015 18:27

Сайлау-2015: Ортсайлауком тағы 101 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TengrinewsTV © TengrinewsTV

Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 101 байқаушыны аккредиттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 101 байқаушыны аккредиттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 3 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, Ортсайлауком ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша үш халықаралық ұйым мен тоғыз шет мемлекеттен 101 байқаушыны аккредиттеді.

"Олардың 74-і - ТМД байқаушылар Миссиясынан, біреуі - ШЫҰ байқаушылар Миссиясынан, 7-еуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ төрт байқаушы - Америка Құрама Штаттарынан, Испания Корольдігі мен Молдова Республикасынан - үшеуден, Малайзия, Польша Республикасы мен Италия Республикасынан - екеуден, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция Республикасы мен Бельгия Корольдігінен - бір-бірден", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осымен 2015 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша, Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясынан, бір халықаралық ұйым мен 27 шет мемлекеттен 337 байқаушыны аккредиттеді. Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети