14 сәуір 2015 16:30

Сайлау-2015: Шетелдік байқаушылардың саны 630 адамға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқаушы шетелдіктердің саны 630 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқаушы шетелдіктердің саны 630 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы 14 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулыны қабылдады. Қаулыға сәйкес сайлауға тағы 44 байқаушы аккредиттеліп, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің саны 630 адамға жетті.

"Қаулыға сәйкес Ортсайлауком ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша төрт халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 44 байқаушыны аккредиттеді. Олардың 25-і - ТМД байқаушылар Миссиясынан, бесеуі - Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Миссиясынан, төртеуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, үшеуі - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, үш байқаушы - Қытай Халық Республикасынан, екеуі - Молдова Республикасынан және Хорватия Республикасы мен Бельгия Корольдігінен - бір-бірден", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети