Сайлау кезіндегі заңсыздықтар: Қанша адам жазаланды?

20 Маусым, 09:32
0
Сайлау кезіндегі заңсыздықтар: Қанша адам жазаланды? -

Қазақстанда бүгінге дейін басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында сайлаушыларға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты.

ҚР Бас прокуратурасының өкілдері президент сайлауының заңнама нормалары бойынша өткенін мәлімдеді.

Прокуратура мәліметінше, сайлау кезеңінде 36 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ын сот қараса, алтауы енді қаралып жатыр.

"9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 108-бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы - бір дауыс - бір бюллетень). Негізінен олар отбасы мүшелері үшін бюллетеньдер алған. Бұл Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 іс Жамбыл облысының Мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында. Прокуратура органдары бірқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де заңбұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Мәліметтердің көпшілігі расталмады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, тексеріс қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа беріледі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай