13 тамыз 2015 13:35

SCAT компаниясының 200-ден аса жолаушысы Шымкенттен Анталияға ұша алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсінің 200-ден астам жолаушысы Шымкенттен Анталияға ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балаларымен бірге демалысқа аттанбақ болған жолаушылардың көбі таңғы сағат 9.00-ден бері әуежайдың транзит аймағында отыр.

"Тіркелуге таңғы сағат 7.00 шамасында келдік. Көбі балаларымен бірге келген, сағат 9.00-де ұшуымыз керек болған. Бірақ бізге әуе компаниясының өкілі келіп, техникалық ақауларға байланысты рейстің кешіктірілетінін айтты. Басқа ештеңе түсіндірмеді, бір құралдың келуін күтіп отырғандарын ғана жеткізді. Транзит аймағынан бізді шығармай отыр, мұнда ауа жоқ, суымыз да таусылды", - деді жолаушылардың бірі Татьяна телефон арқылы.

Анталияға ұшуды 239 жолаушы күтіп отыр. SCAT әуе компаниясының хабарлауынша, рейс 14.30-ға жоспарланды. "Әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде басқару руліндегі ақауды байқадық. Қазір инженерлік-техникалық топ жұмыс істеп жатыр, осыдан кейін сынақтан өткізіп креміз, егер ақаулар шықса қосымша ұшақ көтеріледі. Әзірше рейсті 14.30-ға жоспарлап отырмыз", - деді SCAT компаниясының ресми өкілі Виктория Ульянова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети