07 сәуір 2014 14:01

SCAT өкілдері апатты жағдайда қонған ұшақ туралы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

SCAT компаниясының өкілдері Астана әуежайында болған оқиғаға қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


SCAT компаниясының өкілдері Астана әуежайында болған оқиғаға қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана әуежайына қону кезінде SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана бағытындағы DV701 рейсін орындаған В737-500 ұшағының алдыңғы шасси тірегін белгілеу дабылы іске қосылмаған. Экипаж күрделі метеорологиялық жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік мақсатында шассидің ақауына визуалды түрде көз жеткізу және отын ірку үшін аэродромның үстінен өту туралы шешім қабылдаған. Сағат 10.57-де әуе кемесі Астана әуежайына сәтті қонды. Зардап шеккендер жоқ, әуе көлігіне зақым келмеді. Дабыл жүйесінің істен шығу себептері анықталып жатыр", - дейді әуе компаниясының өкілдері.

Мұның алдында Астана әуежайының баспасөз қызметі ұшақтың алдыңғы шассидің ақауларына байланысты апатты жағдайда қонғанын хабарлаған болатын. Әуежай сағат 09.34-тен 10.57-ге дейін қону аяқталғанша жабылды. Осы уақыт аралығында төрт рейстің ұшу уақыты, үш рейстің қону уақыты кешіктірілді. Қонатын ұшақтар Қарағанды әуежайына қайта бағытталды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети