Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Селден зардап шеккен аудандарда мүлікті тонаушыларға қарсы әскерилер жұмылды

25 Шілде 2015, 10:39
0
©ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қобасшылығының қоғаммен байланыс бөлімі

Селден зардап шеккен аудандарда мүлікті тонаушыларға қарсы әскерилер жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қобасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқановқа сілтеме жасап.

"Наурызбай ауданы аумағында құқықбұзушылықтар мен ұрлық, жеке меншік мүлікті тонау деректеріне жол бермеу үшін Ұлттық ұлан сарбаздары құқық қорғау органдарымен бірлесіп күнделікті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету қызметін ұйымдастырып жатыр. Қызмет атқару барысында ұрлық, тонау фактілері өзге де тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз хабарламасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қобасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамы Алматыдағы Наурызбай ауданы Қарғалы, Каменка елді мекендеріндегі төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысып жатқаны айтылады.

Бүгінге дейін әскери қызметшілер Алматы қаласы бойынша ТЖД апаттық-құтқару қызметі мамандарымен бірлесіп жолдарды, тұрғын үйлер мен ұйым, мекемелерді лайдан, сел ағызып әкелген өзге де заттардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Әскерилердің күшімен елді мекендегі зардап шекен №№187, 192 орта мектептердің аумағы қалпына келтірілді. 

23 шілде күні табиға апаттың алғашқы сағаттарында Ұлттық ұланның 5571, 28237 әскери бөлімдеріне зардап шеккен тұрғындарды жергілікті әкімдік белгілеген қауіпсіз орындарға орналастыру міндеті артылды. Жауынгерлер күшімен сол күні барлығы 700-ден астам тұрғын, 10-нан астам техника қауіпсіз аймақтарға көшірілді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай