Семей мен Ресей шекарасы аралығындағы жол тағы да жабылды

14 Қаңтар 2015, 19:30
0
Семей мен Ресей шекарасы аралығындағы жол тағы да жабылды - ©Alau.kz
©Alau.kz

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Семейден Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"Облшығысжол" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметі бойынша, ауа райының қолайсыз болуына байланысты (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) 2015 жылдың 14 қаңтарында сағат 18:00-ден бастап көліктің барлық түрлеріне мына бағыттар бойынша жолдар жабық:

"Семей - Ресей федерациясы шекарасы" - Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-Ресей федерациясы шекарасы, 10-нан 41-ші шақырымға дейін.

"Семей - Ресей федерациясы шекарасы" - Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка, 0-ден 50-ші шақырымға дейін.

Еске сала кетейік, бұған дейін 8 қаңтар күні ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) Семей - Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 7 - 41-шақырымдары автокөліктің барлық түрі үшін жабылғаны хабарланған болатын.

Синоптиктер бұл облыста алдағы күндері жел күшейіп, қар жауады, боран соғып, аяз болады деген болжам жасап отыр. Сондықтан ШҚО ішкі істер департаменті азаматтардан ауа райы болжамдарын тыңдап, қар құрсауында қалып қалмау үшін алыс жолдарға шықпауды ескертіп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай