24 қараша 2016 15:01

Семей тұрғыны 32 көршісін сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz иллюстрациясы © Тengrinews.kz иллюстрациясы

Семей тұрғыны 32 көршісін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семей тұрғыны 32 көршісін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам Әуезов көшесінде орналасқан соңғы 14-ші қабатта тұрған. Оның айтуынша, көпқабатты үйдің шатыры апат жағдайында тұр. Екі жыл бойы ол барлық пәтердің иелерінен шатырды жөндеуге ақша жинамақшы болған, алайда толық соманы жинастыра алмаған. 

"2015 жылы шатырдан су ақты, сол себепті электр тогы орналасқан қорапшаға су тиіп қысқа тұйықталу болды. Осыдан кейін біз ПИК-пен және тұрғындармен бірге шатырды жөндеу мәселесін талқыладық. Сметасын жасап, шатырды жөндеуге ақша жинайтын болдық. Бұл әр пәтерден 28 мың теңге болды. Алайда 88 пәтердің иелерінің тек 56 ғана келісім берді. Қалғандары бұдан бас тартты", - деді сотқа арыз беруші Әлия Мұхаметқалиеваның күйеуі. 

Әйелдің айтуынша, шатыр сол кезде жөнделген жоқ. Осы жылдың тамыз айында сіркіреп жауған жаңбырдың салдарынан Мұхаметқалиевалардың үйін су басқан. 

"Мен акт толтырып, көршілерді және ПИК қызметкерлерін шақырып, осы жауған жаңбырдың салдарынан үйімді су басып кеткенін көрсеттім. Осы актінің негізінде мен сотқа 32 пәтердің иесінің үстінен сотқа арыз бердім. Себебі олардың әрекетсіздігінен - жөндеуге ақша бермегенінен біздің пәтеріміз бүлінді", - деді арыз беруші. 

Сот айғақтардың жеткіліксіз болуына байланысты бұл арызды кері қайтарды. "Мен барлығын да дәлелдедім, менің куәгерлерім де бар, бірақ сот осылай шешті. Енді бұл шешімге шағым түсіремін. (...) Маған төменгі қабаттағы көршілерім айтады, мені әдейі арзан пәтер сатып алып, өзім жөндеуім керек деп. Менімен сөйлеспейді ешкім, сырттан сөйлейді, мені бір жау көреді", - деді пәтер иесі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети