30 наурыз 2017 14:43

Семейді төртінші күн қатарынан қар суы басып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейді төртінші күн қатарынан жеке үйлердің жертөлесін су басып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Семейді төртінші күн қатарынан жеке үйлердің жертөлесін су басып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта қаладағы жеке сектор қауіпті аймақта тұр. Мирный, Шығыс, Шүлбі жолы және Степной сияқты аудандарды еріген су басып жатыр. Степной ауылында жағдай тым ушығып тұр, онда түнімен су сору жұмыстары жүргізілді. Еріген қардың салдарынан елдімекенді су басып жатыр. Сонымен қатар, Шүлбі жолы көшесінің тұрғындары еріген судың зардабын көріп жатыр. "Біздің көшеде қар тазалану жұмыстары жүргізілу керек болған. Алайда ешкім қар тазалаған жоқ. Қар тазаланбағандықтан бізді су басып жатыр. Жолдың барлығын су басқан", - дейді жергілікті тұрғындар. 

 

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков жағдай бақылауда екенін айтады. "Кеше 20.00-де Степной ауылынан сигнал түсті, ал 21.00-де мен сонда болдым, сол кезден бастап су сору жұмыстары басталды. Су сору жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылды. Иә, су басты, бірақ ол бақылауда. Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындарға бұдан қауіп төніп тұрған жоқ", - деді әкімнің орынбасары. 

 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сарайлары бұзылып жатыр. Үйінде мал ұстайтындар малдарын сыртқа шығаруға мәжбүр. Өткен жылы коммуналдық бөліміне қатты су басудың алдын алу үшін Шүлбі ауданында су бұрғыш канал салу тапсырылған. Алайда бұл тапсырма іске аспаған. 

 

Әкімдіктегілер жедел әрекет ету қызметі екі ауысыммен жұмыс істеп жатқанын айтады, кейбір аудандарда түнгі кезекшілік орнатылған. Осы күнге дейін 8 мың текше метр су сорылған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети