Семейде шенеунік пара алғаны үшін ұсталды

26 Маусым, 15:31
0
Семейде шенеунік пара алғаны үшін ұсталды -

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті Семей қаласының пробация қызметі бастығы орынбасарының пара алу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Пробация қызметі бастығының орынбасары сотталушыдан пара алғаны үшін ұсталды. Ол сотталушыдан Семей қаласынан шығуға және пробация қызметіне ай сайынғы белгіге келмеуіне рұқсат бергені үшін пара алды деп күдіктенеді. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында. 

Тергеу жалғасады. Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай