02 мамыр 2014 14:00

Семейдің өлкетанушысы ХХ ғасырдың архитектуралық ескерткішін сақтап қалуды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қабырғалары қақырап, сылақтары түскен ғимарат. Сурет Tengrinews Қабырғалары қақырап, сылақтары түскен ғимарат. Сурет Tengrinews

Семейде бұрын мұражай ғимараты болған ХХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші қираудың алдында тұр, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтының тілшісі. 


Семейде бұрын мұражай ғимараты болған ХХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші қираудың алдында тұр, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтының тілшісі. 

Қаланың орталығында орналасқан ғимарат көп жылдан бері қараусыз қалған. Қабырғалары қақырап, сылақтары түскен. Ғимараттың алды мен іші құрылыс қалдықтарына толып қалған. Өйткені, тарихи жәдігердің екі қапталында да жаңа құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ғимараттың тарихи бағасын арнайы мрамор тақтайшаға жазылған "Бұл ғимарат-ескерткіш ХХ ғасырдың басында тұрғызылған. Нысан 1989 жылдан бері мемлекет қорғауында" деген сөз ғана білдіріп тұр.  

"Бұл үй ең алғаш Қазақстандағы арнайы мамандандырылған телеграф ғимараты үшін салынған. Владимира Лушниковтың бастамасымен байланыс музейі болған. Сол кісі бұл ғимаратты мемлекет қорғауына алғызыпты. Владимира Ивановұлының өлімінен кейін үй қараусыз қалған, Сақталып қалған жәдігерлердің біразы осы қаладағы бір колледжде тұр, - дейлі өлкетанушы Павел Жуков.

Сарапшының ойынша, тарихи жәдігерді әлі де болса сақтап қалуға болады. "Әрине, бұл үшін қаржы қажет. Егер оны тауып сақтай алмасақ,қаламыз үшін өте маңызды тағы да бір тарихи құнды дүниеден айрылып қаламыз. Мұндай жағдайлар кешірілмейді. Ағашты қайтадан егуге болады, бірақ 1915 жылы салынған нысанды қайтадан салу мүмкін емес, - дейді Жуков. 

Өлкетанушының ойынша, ғимарат қалпына келтірілсе, бұл үйді қайтадан мұражай ретінде пайдалануға немесе қоғамдық бірлестіктердің үйі, яки дүкен етуге болады. Ең бастысы архитектуралық ескерткіштің түпнұсқасы сақталып, ұрпақ игілігіне жараса жеткілікті. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети