20 наурыз 2016 11:46

Семейлік оқушы туған күнін сайлау учаскесінде атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Семейде 11-сынып оқушысы Виктория Исакова кәмелет жасқа толған туған күнінде Мәжіліс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде 11-сынып оқушысы Виктория Исакова кәмелет жасқа толған туған күнінде Мәжіліс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайлау күнінің менің туған күніме сәйкес келгені үшін қуаныштымын. Мұның мен үшін символдық мәні бар. Өмірімдегі тарихи сәт десем де болады. Дұрыс сайлаудың әр дауысқа байланысты екенін түсінемін. Сондықтан дауыс бергенім үшін қуаныштымын. Дауысымның маңызды роль атқаратынына сенімдімін", - деді қыз.

Туған күнге орай Виктория дауыс берген №23 мектеп директоры оған сый тарту етті. Айта кетейік, Семей өңірі бойынша дауыс беруге құқылы 192 845 адам бар. Олардың 825-і бірінші рет дауыс бергелі отыр. 

Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети