15 мамыр 2014 15:12

Сенат депутаттары ИТП инновациялық кластерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©inform.kz ©inform.kz

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне "Инновациялық технологиялар паркi" инновациялық кластерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын екi оқылымда қарастырып, мақұлдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Аталған заң жобасының басты мақсаты – заңнамалық актiлердiң ережелерiн "Инновациялық технологиялар паркi" инновациялық кластерi туралы" заң жобасының нормаларына сәйкестендiру болып табылады. Ондағы 3 кодекске және бiрқатар заңға тиiстi түзетулер енгiзудi қарастырады.

Соның ішінде өзгерiстер мен толықтырулар акционерлiк қоғамды дербес кластерлiк қорға айналдыруға, арнайы экономикалық аймақты басқарушы компанияның, дербес кластерлiк қордың жер учаскелерiн қайталама пайдалануға беруге, дербес кластерлiк қорға, Қордың функциясын қаржыландыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi дербес бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк тапсырманы айқындауға, жер қойнауын пайдаланушылардың дербес кластерлiк қорға ақша аударумен байланысты шығындарының салықтық шегерiмiн бекiту  мәселелеріне қатысты енгізіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети