28 қараша 2022 11:42

Сенат депутаты үміткеріне қойылатын талаптар аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар. Парламент депутаты болуы мүмкін тұлғалар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;
  • 30 жастан асқан;
  • жоғары білімі бар;
  • жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
  • тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған", - деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.

Оның айтуынша, кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

"Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайды", - деп қосты Петров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети