26 ақпан 2015 10:45

Сенат өз шешімімен ҚР Жоғарғы сотының екі судьясын отставкаға жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Жоғарғы сотының ғимараты. ©sud.gov.kz ҚР Жоғарғы сотының ғимараты. ©sud.gov.kz

ҚР Парламентінің Сенаты өз шешімімен Жоғарғы соттың екі судьясын қызметтерінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Парламентінің Сенаты өз шешімімен Жоғарғы соттың екі судьясын қызметтерінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сенат депутаттары Владимир Борисов пен Елена Ақмолдаеваны отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуға дауыс берді. Сенатор Серік Ақылбайдың түсіндіруінше, бұл - "құрметті отставка". 

Жоғарғы палата Венера Сейтімованы да ТМД Экономикалық сотының судьясы қызметінен босатты. Ол басқа қызметке тағайындалды. 

Сондай-ақ бүгін Жоғарғы сот судьясы қызметіне Абай Рахметулин мен Бейбіт Шермұхаметовтердің кандидатурасы мақұлданды. Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған судьяларға бейтарап әрі әділетті болуға тілек білдірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети