27 қазан 2016 16:08

Сенат Парниктік газдардың шығарылымын қысқарту жөніндегі париж келісімін ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан

ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында депутаттар ҚР Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Париж келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында депутаттар ҚР Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Париж келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылғы желтоқсанда Климаттың өзгеруі туралы Біріккен ұлттар ұйымының негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясында Париж келісімі қабылданған болатын. Конференция барысында Қазақстан экономиканы климат факторларымен байланысты жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі шараларды жоспарлау, әзірлеу жүйесін жетілдіру процестерін заңнамалық қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген парниктік газдарды қысқарту бойынша өз міндеттемелерін ұсынды. Басқаша айтқанда, Париж келісімінің мәні әрбір елдің парниктік газдар шығарылымдарының көлемін мүмкіндігінше шектеу міндеттемесін өз еркімен қабылдауы болып табылады.

"Келісім ережесі "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерге сәйкес келеді. Париж келісімінің уақтылы ратификациялануы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді, ал бұл ЖІӨ-нің энергия мен көміртегін қажет етуін төмендету сияқты көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік жасайды. Одан басқа, келісімді ратификациялау ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында біздің әрекеттеріміздің жүйелілігін растайды", - деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Заң жобасының негізгі мақсаты осы келісімді уақытылы ратификациялау және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының экология саласындағы стандарттарын Қазақстанда енгізу болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети