15 қазан 2014 10:25

Сенат төрағасы патриарх Кириллмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен патриарх Кирилл. Фото ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен алынды Қасым-Жомарт Тоқаев пен патриарх Кирилл. Фото ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен алынды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс бабындағы сапары аясында Мәскеу және күллі Ресей патриархы Кириллмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс бабындағы сапары аясында Мәскеу және күллі Ресей патриархы Кириллмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәскеу және күллі Ресей патриархына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың амандық пен денсаулықта болуына тілектестігін және шынайы құрметін жеткізді. Сондай-ақ ол Мәскеу және күллі Ресей патриархына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V съезге жеке шақыруын жеткізді. "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне Сіздің өзіңіздің қатысуыңыз діндер мен мәдениеттердің үнқатысуын одан әрі дамытуға бағытталған ортақ істі одан әрі ілгерілетуге, жаһандық деңгейдегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты дамытуға ықпал ететіні күмәнсіз", - деді Сенат төрағасы. 

Өз кезегінде патриарх Кирилл православ әулиесі Сергий Радонежскийдің 700 жылдығын мерекелеуге орай Астанада ескерткіш орнатылғаны үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. "Менің ең ізгі тілектерімді өзім аса құрметтейтін Президентке жеткізуді өтінемін. Ол және барлық қазақ жұртшылығы діни қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізе алды. Бұл Сізге діни лидерлер съезін шақыру туралы халықаралық деңгейде маңызды бастамамен шығуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Патриарх. Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған форум маңызды және тиімді үнқатысу алаңы болып табылатынын жеткізді.  

Сол күні Сенат төрағасы Қазақстан православ шіркеуінің Ресейдегі өкілдігінде болды, сондай-ақ Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (университет) 70 жылдығына орай Кремль Сарайында өткен салтанатты жиналысқа қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети