17 сәуір 2014 20:29

Сенат Төрағасы Санкт-Петербургте бірқатар кездесулер өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Фото ©рarlam.kz ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Фото ©рarlam.kz

Қазақстан парламентшілерінің делегациясы Санкт-Петербургте ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Беларусь парламенттік делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы, ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуде екі елдің заң шығару органдары жоғары палаталарының арасындағы ауқымды өзара іс-қимыл, сондай-ақ Украинадағы жағдаймен бірге басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Төрағалар Қазақстан-Ресей қатынастарының стратегиялық және одақтастық сипаты парламенттік ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік беретінін, және осыған байланысты биылғы мамырда Астанада болатын "Қазақстан-Ресей" ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның алдағы отырысының маңызын атап өтті. Қ.Тоқаев пен В.Матвиенко алдағы уақытта Еуразиялық Экономикалық Одақты құру туралы келісімге жоғары деңгейінде қол қойылуының ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қ.Тоқаевтың Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесуінде күн тәртібіндегі ҰҚШҰ және ТМД, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту, сондай-ақ Қазақстан-Ресей парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан Сенаты Төрағасының Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесуінде тараптар екі елдің парламенттері арасындағы, атап айтқанда, өткен жылы құрылған "Қазақстан Республикасы-Беларусь Республикасы" парламенттік ынтымақтастық комиссиясы аясындағы байланыстарды дамыту туралы пікір алмасты.

Ресей мен Беларусь әріптестерімен кездесулерде Қ.Тоқаев Қазақстанның Украинадағы ахуалға елеулі алаңдаушылығын, жағдайдың одан әрі ушығуы жаһандық ауқымдағы халықаралық жағдай үшін өте қатерлі зардаптарға әкеліп соғуы мүмкіндігін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіссөздері, оның ішінде ядролық қаруға қарсы Гаагадағы саммит барысындағы кеңесулері Украинадағы жағдайды сауықтыруға қатысты Қазақстанның маңызды халықаралық ойыншы ретінде белсенді тұрпатын дәлелдейді. Бұл кезеңде украин билігінің бірінші кезектегі міндеті президенттік сайлау өткізу, заңды үкімет қалыптастыру, Украинаның іс жүзіндегі саяси ахуалын көрсететін жаңа Конституция қабылдау болуы тиіс. Бейбіт келіссөздер өткізіп, БҰҰ және ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың жәрдемімен қалыптасқан жағдайдан бірлесе шығу қажет. "Біз Украина, Еуропалық Одақ, АҚШ және Ресей өкілдерінің қатысуымен Женевадағы келіссөздерге үміт артамыз. Украин шиеленісі мүдделі тараптардың барлығы арасында үнқатысу арқылы, халықаралық құқық ережелеріне сәйкес шешілуі тиіс", - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

ҰҚШҰ ПА Ресей төрағалық еткен кездегі Ұйымның қызметі туралы хабардар еткен ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның баяндамасын тыңдады. Қазақстан Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев ҰҚШҰ соңғы жылдарда елеулі саяси салмаққа ие болған маңызды халықаралық құрылым ретінде қалыптасқанын атап өтті. Бұл ретте ҰҚШҰ тайталасу ұйымы ретінде қарастырылмауға тиіс. Оның пікірінше, ұйымның қызмет тетіктерін жетілдіруді жалғастыру қажет.

Сол күні ТМД ПАА Штаб-пәтерінде Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толуына арналған көрме ашылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети