23 қазан 2014 13:40

Сенатор әкімдер мен министрлер күзетшілерінің көптігіне наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©wisegeek.com ©wisegeek.com

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов әкімдер мен министрлер күзетшілерінің тым көп екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін "ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында депутат жоғары лауазымды шенеуніктердің томаға-тұйықтығын мәселе етіп көтерді.

"Мемлекеттік қызметкерлер халық игілігі үшін жұмыс істейді. Бірақ қазір ауылдық округ әкімдерінен басқаларға, министрлер мен облыс әкімдеріне жету мүмкін емес. Оларды полицейлер мен басқалар күзетеді. Денсаулық сақтау мекемелерінде де сондай жағдай. Біз олардың режимді нысандар екенін түсінеміз, оларды күзету керек. Бірақ Министрлер үйінде әрбір подъезде - полицейлер мен күзетшілер. Одан жоғары көтерілсек, министрлер кабинеті - олар бөлек қоршауға алынып, күзетіледі. Кімнен қорғалған, оларға кім қауіп төндіреді, бұған бюджеттен қанша қаражат кетеді? Полицейлер тапшылығына байланысты кейде олар жеке күзет кәсіпорындарын да пайдаланады", - деп наразылық білдірді депутат Еңсегенов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысына.

"Бұл қажет! Бүгінде біздің елімізде, еліміздің төңірегінде тәртіпсіздіктер, басқа да келеңсіз оқиғалар болып жатады, терроризм қаупі бар. Сондықтан 2009, 2011 жылдары министрлерге ғана емес, басқа да қызметкерлерге қатысты шаралар қабылданды", - деп жауап берді Қайрат Қожамжаров, ол депутат айтқан мәселе бойынша жұмыс жүргізуге уәде берді. 

Сәрсенбай Еңсегенов Қайрат Қожамжаровтан "Қазақстанда қызметкері парамен ұсталған жағдайда басшысын жұмыстан кетіру туралы ережені заңдастыру жоспарланып отыр ма" деп те сұраған болатын. Агенттік басшысы мұндай норма Парламенттің қарауына келесі жылы берілетін жаңа заң жобасында қарастырылатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети