14 қазан 2016 13:24

Сенатор демалыста аздап ішімдік ішкен мемқызметкерлерді жазаламауды сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay © Pixabay

Парламент Сенатының депутаты Людмила Полторабатько Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін жеңілдетуін ұсынуда. Оның ішінде, демалыста аздап сыра немесе шарап ішкен қызметкерлерді жазалап керегі жоқ деп есептейді депутат, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Сенатының депутаты Людмила Полторабатько Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін жеңілдетуін ұсынуда. Оның ішінде, демалыста аздап сыра немесе шарап ішкен қызметкерлерді жазалап керегі жоқ деп есептейді депутат, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңда регламенті бекітілгенін, Этикалық кодекс жасалғанын білеміз, ол бекітілген және іс жүзінде істеп тұр. Бұл Этикалық кодексте мемлекеттік қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын заңбұзушылықтар нақты көрсетілген. Соның ішінде, келесідей мәселе туындайды. Баспасөз беттерінен көріп жүргеніміздей, әр аймақта әр мемлекеттік орган осы ережебұзушылықтарды өзінше түсініп қабылдайды. Мәселен, мемлекеттік қызметкердің қоғамдық орында алкогольдік ішімдікке мас болған күйде шығуы. Қоғамдық орын түсінігі Қылмыстық-процесстік және Қылмыстық кодексте көрсетілген, ол - кафе, мейрамханаларға қатысты. Ал мемлекеттік қызметкер отбасылық мерекені атап өтіп жатыр делік. Қонақтар спирттік ішімдік талап етсе, қалай істеуі керек?, - дейді сенатор мемлекеттік қызмет туралы заңның жүзеге асырылу барысына арналған Парламенттің жоғарға палатасындағы дөңгелек үстел барысында. 

Осыған байланысты, ол мемлекеттік қызметкердің қай кездердегі көпшілік алдына мас күйде шығуын ережебұзушылық ретінде қабылдау керектігін анықтау үшін Этикалық кодекске ұсыныстар мен пікірлер даярлауды ұсынды.

"Бір шыныаяқ сыра, әлде шарап ішіп алып, көшеде шу көтерсе, бұл - бөлек әңгіме, ал ол тойда немесе өзге отбасылық мерекеде бір бокал шарап ішкені үшін тәртіптік жазаға тарту дұрыс болмайтын шығар. Енді осы жерде мемлекеттік қызмет істері бойынша өкіл істі қолға алып, азаматтарды ғана емес, мемлекеттік қызметкерлерді де қорғауы керек", - дейді депутат.

"Этикалық кодекске қатысты көп сұрақтар туындайды. Адамның алкогольдік ішімдікке мас болу деңгейін қалай анықтаймыз, - бұл қоғамдық орындардағы ережебұзушылық па, жоқ па? Негізінде іс жүзінде мемлекеттік қызметкер қоғамға қарсы әрекет істесе немесе мас күйде рөлге отырса, яғни, осы арқылы қауіп төндірсе жұмыстан шығарылып, бірден шаралар қолданылады", - деп жауап берді Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Ол Этикалық кодекске әдістемелік ұсыныстар даярлау бойынша сенатордың өтінішін есепке алуға уәде берді.

"Бүл мәселе бүгінде шешімін талап етіп отыр, біз оларды даярлаймыз", - деді Шайымова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети