03 сәуір 2014 13:54

Сенатор жаңа Премьерден Үкімет құрамына неғұрлым кәсіпқойларды тартуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото rus.azattyq.org сайтынан Фото rus.azattyq.org сайтынан

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Светлана Жалмағамбетова Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алып, жаңа Премьер-министрден Үкімет құрамына неғұрлым кәсіби мамандарды тарту туралы өтініш жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Светлана Жалмағамбетова Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алып, жаңа Премьер-министрден Үкімет құрамына неғұрлым кәсіби мамандарды тарту туралы өтініш жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

"Мен жаңа Премьер-министр Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке ауыл шаруашылығы саласын салмақты бақылауға алу туралы өтініш жасағым келеді. Бәлкім Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау барысында ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған міндеттерді шеше алатындай адамдардың кәсібилігіне барынша назар аудару керек болар. Өйткені ұдайы бір нәрсені естуден, жалынды баянаттан жалықтық ", - деді бүгін сенатор С. Жалмағамбетова Тарифтік квоталарды қолданудың шарттару мен тетігі туралы конвенцияны талқылау барысында.

Сонымен қатар, сенатор көптеген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер министрлікке наразы екенін, олардың проблемаларын министрлік елемей жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, бүгінде саладағы проблема еш шешімін таппай отыр.

"Мен депутаттық сауал да жолдадым, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлеріне тікелей шықтым. Менің ойымша, Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер кәсіби емес, олардың өздері де дым білмейді, елді де тыңдамайды. Бұған дәлел де жеткілікті», - дейді С. Жалмағамбетова.

"Мұндай жағдайда Ауыл шаруашылығы министрлігінде кімнің министр болуы керектігін, министрлікте кімнің жұмыс істеу керектігін ойлану керек ", - деді сенатор.

Сонымен қатар, С. Жалмағамбетова "Агробизнес - 2020" бағдарламасын "сүреңсіз" деп бағалап, бағдарламаның орындалуына қомақты қаражат бөлініп жатқанын, ал оны қадағалаудың мүмкін еместігін атап өтті. "Онда жылдарға шағып қарайтындай бір де бір индикатор жоқ: ет өндірісі қалай артырылады, ішкі сұраныс қалай қамтылады, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі қалай көтеріледі, саладағы еңбек өнімділігі нешік? Осыдан барып мынадай сауал туады: бағдарлама сүреңсіз болғандықтан да ол орындалмай жатқан жоқ па? Соның кесірінен бізде ауыл шаруашылығы тауарларынің өндірісі серпілмей жатыр емес пе? Ендеше, экономика министрлігі мұндай бағдарламаны неге өткізіп отыр?" - деді сенатор экономика министрінің міндетін атқарушы Ерболат Досаевқа қарата айтқан сөзінде.

Бұдан бөлек, талқылау барысында сенатор Қожахмет Баймаханов пен Сергей Кулагин де ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыстарына қатысты бірқатар сынды ақтарып салды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети