26 қазан 2017 17:14

Сенатор Ұлттық банк тарапына сын айтты: 13 мыңнан аса арыз түсті, жауап бар ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенатор Бақтыбай Шелпеков ҚР Ұлттық банкі тарапына сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сенатор Бақтыбай Шелпеков ҚР Ұлттық банкі тарапына сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ипотекалық кредиттер неліктен ашу туғызады? Өйткені халық көшеге шыққанда барлығы осы сұрақты қойды. Ұлттық банк үнсіз қалды. Олар президент қашан тапсырма береді деп күтті. Осыдан кейін не болғанын бәріміз білеміз. (...) Ипотекалық кредит - қаржылық қана емес, әлеуметтік проблема. Сіздер сараптама жүргіздіңіздер, олардың қаншасы әлеуметтік әлсіз топқа кіреді, қаншасы кәсіпкер? Елімізде қаржылық қиындықтар барын білесіздер ғой", - деді сенатор Ұлттық банк өкілдеріне. 

Ол ипотекалық кредиттен басқа, назар салынуы тиіс өзге де қиындықтар барын атап өтті. 

"Елдегі қаржылық қиындықтың басты себебі - кәсіпкерлер, кәсіпкерлерге кредит беру немесе кредитті дұрыс бөлмеу, не екінші деңгейлі банктердің өз құрылымын дұрыс жүргізбеуі. Осыдан кейін 2016 жыл бойынша бізде арыздардың 13 мыңнан асып, шегіне жеткені, ал оған қатысты 96 шара ғана қолданылғаны таңдандырады. Бұл бір пайызы ғана. Ал қалғандарына қатысты не істелді?", - деп қойды сұрағын сенатор. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети