04 наурыз 2015 10:35

Сенатордың екпеден бас тартқандарды жазалау туралы сөзі наразылық туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазнетте Сенат депутаты Жабал Ерғалиевтің вакциналаудан бас тартқандарды жазалау туралы сөзі наразылық туғызды, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Еске сала кетейік, ол палатаның әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналарды жазалау туралы ұсыныс айтқан болатын.

"Осыған дейін әрбір білім беру ұйымы мен мекемесінде сәйкес үнқағаздар ілінетін. Қазір... бір де бір медициналық журнал, газет тіпті дәріханаға кірсеңіз де таппайсыз. Ол жақта негізінде дәрі-дәрмектің жарнамасы ілінеді. Бірақ қазір біз салауатты өмір салтын насихаттауымыз керек, сонда әрбір алам өз денсаулығы үшін жауапкершілік алатын болады", - деді сенатор. 

Әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзін фармкомпаниялардың мүддесін лоббилеу деп танып, бірінші кезекте депутаттардың халық туралы, елдің қауіпсіздігі жайлы ойлау керектігін ескертті. Мысалы, аты-жөнін көрсетпеген қолданушы "Ал вакциналаудан кейін балалардың өліміне кім жауап береді?" десе, тағы бір қолданушы "Депутат бұл вакциналардың қауіпсіздігіне кепіл бере ала ма және кім жауап береді?" деген пікір білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы егілген ондаған адамның ауруханаға түскені хабарланған болатын. Сонымен қатар, мұның алдында Теміртауда медицина колледжінің 18 студенті қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін жоғары температурамен ауруханаға түсті. Осындай жағдайлардан соң елімізде қызылшаға қарсы иммундау шарасы алдымен 2 наурызға дейін, кейін 4 мамырға дейін тоқтатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети