27 қазан 2016 18:15

Сенатта мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dixinews.kz © Dixinews.kz

ҚР Парламенті Сенатында "Мемлекеттік аудиттің жаңа жүйесіндегі ревизиялық комиссиялардың қызметі туралы" күн тәртібімен "Өнер" депутаттық тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Парламенті Сенатында "Мемлекеттік аудиттің жаңа жүйесіндегі ревизиялық комиссиялардың қызметі туралы" күн тәртібімен "Өнер" депутаттық тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына аудит және бағалау жүргізудің жаңа жүйесін енгізу туралы Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша "100 нақты қадам" ұлт жоспарында бастама жасағанын еске салды.

Сергей Громовтың айтуы бойынша, бұрын қолданыста болған бақылау жүйесі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмеген, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін тәуелсіз бағалау болмаған. Вице-спикер атап өткендей, жаңа заң бұрынғы жүйенің кемшіліктерін жоя отыра, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау түсінігінің өзін, оның қағидаттарын, түрлерін, функцияларын және құралдарын айқындайды. 

Өз кезегінде, сенатор Ольга Перепечина өз баяндамасында "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңның сәтті іске асырылуына кедергі келтіретін проблемаларға және осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болашағына тоқталды.

"Бүгін заңнамалық деңгейде шешілуі тиіс бірқатар мәселелер мен бірқатар проблемалар орын алады. Осындай проблемалардың бірі заң бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сертификаттаудан өтуі тиіс мемлекеттік аудиторларды жұмысқа орналастыру мәселесі деп санаймын. Бұл жерде мемлекеттік аудит органдарына сертификаттаудан өтпеген аудиторлар жұмыс істейді ме деген сұрақ туындайды. Оларға қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі ме? Бүгін біз мемлекеттік аудиторлардың кадрлық құрамы, мемлекеттік аудиторлардың өз жұмысының қорытындылары үшін жауапкершілігін арттыру туралы да айтып отырмыз", - деп хабарлады О. Перепечина.

Осылайша, сенатордың пікірі бойынша, қызметтік және кәсіптік этика бұзылған жағдайда, аудиторлық есеп дұрыс құрастырылмаған кезде, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары бірнеше рет бұзылған кезде заңға Ұлттық комиссияның мемлекеттік аудит сертификатын кері қайтару рәсімін реттейтін норманы енгізу қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети