Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сепаратизмге қатысты қылмыстық жаза бірлікті нығайтуға септігін тигізеді - пікір

08 Сәуір 2014, 20:14
0
Қазақстанның әкімшілік картасы. ©Gask.kds.gov.kz
Қазақстанның әкімшілік картасы. ©Gask.kds.gov.kz
Жарқын Түсіпбекұлы. ©Нұрғиса Елеубеков
Жарқын Түсіпбекұлы. ©Нұрғиса Елеубеков

Елімізде сепаратизм үшін жазаның күшейтілуі Қазақстан азаматтарын ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай біріктіре түсуге ықпал етпек. Саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасына сепаратимзге қатысты баптың енгізілуі жөнінде пікірін білдірді деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Қазақстанда аумақтық тұтастықтың бұзылуына себеп болатындай факторлардың жоқ екенін айтқан саяси шолушы "жаңа Қылмыстық кодекс жобасындағы мемлекеттің тұтастығын заңсыз өзгертуге әрекет етушіні 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жазаның қарастырылғаны - өте дұрыс шешім" деп есептейді. "Бұл біртұтас, яғни, унитарлы мемлекеттердің басым көпшілігінде бар. Қазақстан - түрлі геосаяси жағдайларға байланысты толеранттылықты сақтап отырған аз мемлекеттің бірі. Қандай этнос өкілі болмасын, елімізде теперіш көріп отырған жоқ. Керісінше, мәдени орталықтарын ашып, ұлттық ерекшеліктерін, дәстүрі мен тілін сақтап қалуға мүмкіндік алып отыр", - дейді ол.

Спикердің пікірінше, сөз болып отырған бапты енгізу қазіргі қоғамға аса қажет және дер кезінде қолға алынған. "Сепаратистік идеяны қолдаушылар Кеңес Одағынан еншісін индустриялық мемлекет ретінде алып шыққан Украинаны қандай күйге түсіріп отыр? Жаңа Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгеріс, ең бастысы, еліміздің азаматтарын ұлтына, дініне, нәсіліне қарап алаламайды. Керісінше, бірігуіне, мемлекетке идентификациялануына жол ашады деп ойлаймын", - дейді саясаттанушы.

Жарқын Түсіпбекұлының айтуынша, кодекстің жаңа жобасындағы дәл осы бап "елден қашып, өздерін "жүйе құрбаны" етіп жариялап жүрген" кейбір тұлғалардың арандатушылық әрекеттерін шектеуге және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болады. "Олардың әлеуметтік желілердегі посттарына зер салып қарасаңыз, ел іргесіне қауіп төндіретін әрекеттер туралы жазып отырады. Ауық-ауық "мұнай - сенікі, байлығың Астанаға кетіп жатыр" деп, батыс өңіріндегі азаматтарға арандатушы ұрандар тастайды. Унитарлы елдің орталық билігі қай өңірден қандай табиғи байлық шыққанына қарамастан әлеуметтік жәрдемақы, тағы басқа бюджеттік төлемдерде біркелкілік сақтайды. Мұнай батыстан шыққаны үшін бұл жақтың тұрғындары шығыстықтардан көп зейнетақы алуы керек деген заң жоқ. Біртұтас мемлекеттің барлық заңы мен бір басшының шешімі ортақ", - дейді Жарқын Түсіпбекұлы.

Саясаттанушының айтуынша, сепаратистік көзқарас көбіне ел ішінен емес, сырттан келеді. "Эдуард Лимонов, Владимир Жириновскийлер – біздің көпэтносты унитарлы мемлекетіміздің ішкі бірлігін анықтайтын барометр. Құрамында Қарақалпақстан бар Өзбекстанның мысалын алып қараңызшы. Елдің ішкі тұтастығына қауіп төндіретін барлық мәселенің алдын алған. Шекарадан сақалмен, артық ақшамен өте алмайсыз. Бізге де шеттен, яғни Батыстан, Ресейден, араб әлемінен келетін барлық арналарға қатаң тексеру орнату қажет. Себебі сепаратизм, ең алдымен ішкі бөліністен емес, сыртқы ойыншылардың ықпалы мен әсерінен болады", - дейді ол.
 
Еске сала кетейік, бұған дейін Қылмыстық кодекстің жаңа жобасына сепаратистік әрекетке үндеу үшін қылмыстық жаза күшейтілетіні хабарланған болатын. "Бап ауыр қылмысқа жатады және оның бірінші бөлімі бойынша ең жоғарғы жаза - жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Егер бұл әрекетті тұлға қызмет бабын пайдаланып жасайтын болса, онда оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін", - деген болатын ҚР Бас прокуратурасының өкілі Арман Аяғанова.
 
 
 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай