31 қазан 2019 17:27

Серғазы Омаш жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серғазы Омаш ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Серғазы Омаш ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Омаш Серғазы Бағдатұлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген премьер-министр сайтында. 

Серғазы Омаш 1979 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын  (экономист), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (инженер), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің "Фемида" Заң академиясын (заңгер) бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша Салық комитетінің ақпараттық қамсыздандыру және есепке алу бөлімінің салық инспекторы болып бастады. 2001 жылдан 2009 жыл аралығында Қарағанды облыстық байланыс және ақпараттандыру басқармасында, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде жұмыс істеді. 

2009 жылдан 2010 жыл аралығында ҚР Агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің Астана қалалық ақпараттандыру және байланыс бойынша ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас сарапшысы, бастығы қызметтерін атқарды. 

2010 жылдан 2012 жыл аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Астана қалалық ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы болды. 2012- 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 

2013 жылдан 2018 жыл аралығында ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2018-2019 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 2019 жылғы мамырдан тамыз аралығында - "Зерде" ҰАХ АҚ Басқарма мүшесі - Төрағасы. 2019 жылғы тамыздан қазірге дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Төрағасының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети