28 желтоқсан 2018 14:58

"Сергек" жүйесі іске қосылғаннан бастап 500 миллионнан аса бейнежазба жинақталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kolesa.kz © kolesa.kz

Астанада "Сергек" фотобейнефиксация жүйесін енгізу қаладағы қылмыстардың санын орта есеппен 30 пайызға төмендетуге көмектесті. "Сергек" камераларының көмегімен 500-ден аса қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Астанада "Сергек" фотобейнефиксация жүйесін енгізу қаладағы қылмыстардың санын орта есеппен 30 пайызға төмендетуге көмектесті. "Сергек" камераларының көмегімен 500-ден аса қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жоба өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғасының санын 15 пайызға (537-ден 459-ға), ЖКО салдарынан жарақаттануларды 16 пайызға (579-дан 487-ге), ЖКО нәтижесінде өлім-жітімді 48 пайызға (58-ден 30-ға) төмендетуге мүмкіндік берді.

"Сергек" жүйесінде көлік ағыны және оқиғалар реттілігін бақылау бойынша (кептелістің және апаттық жағдайлардың пайда болуы, жол жағдайының нашарлауы) деректер негізінде - "Big data" талдаушысы қолданылады. "Сергек" жүйесі іске қосылған сәттен бастап 500 миллионнан аса бейнежазба жинақталған, бұл жол қозғалысын жақсарту, оң жақ құламаларды, Bus lane қоғамдық көлік жолақтарын орнату бойынша талдау жүргізуге және ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

"Шеті жоқ қала" жобасын іске асыру аясында "Сергек" жүйесі қаланың қашықтағы аудандарының жағдайы туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Астана қаласының құқық қорғау және арнайы органдарының, Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарының, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кірді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобустарда, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында, вокзалдарда, кіреберістерде "Сергек" жүйесі негізінде тұлғаларды тану технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пилоттық жоба ретінде әкімдік пен "Шарын" базарында тұлғаларды тану жүйесі орнатылды.

Жоба МЖӘ тетігі арқылы іске асырылады және республика бойынша ақпараттық технологиялар мен қауіпсіздік саласындағы бірінші келісімшарт болып табылады. Жоба 13 000 камераны орнатуды және біріктіруді көздейді.

Жоба аясында ау райын болжау дәлдігін арттыру мақсатында қосымша 50 экологиялық және метеорологиялық датчиктер орнатылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети