22 мамыр 2014 | 22:14

Серік Ахметов KADEX-2014 көрмесі аясында кездесулер өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов KADEX-2014 үшінші халықаралық әскери қару және әскери техника көрмесі аясында бірқатар кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов KADEX-2014 үшінші халықаралық әскери қару және әскери техника көрмесі аясында бірқатар кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Дмитрий Рогозинмен Серік Ахметов әскери саладағы қарым-қатынасты нығайта түсу туралы сөйлесті. Тараптардың айтуынша елдер арасындағы әскери байланысты нығайтуға барлық жағдай жасалған. 

Сондай-ақ Серік Ахметов генерал Жан-Кристоф Нур басшылық ететін Франция Қорғаныс министрлігі өкілдерімен және Испания әскерилерімен кездесті. Олардың қатарында Grupo AGEM компаниясының президенті Педро Эрмосилья және бұрынғы қорғаныс министрі Хосе Боно Мартинас бар. Аталған шенділер әскери саланың дамуы жайлы сөз етті. 

Естеріңізге сала кетейік KADEX-2014 үшінші халықаралық әскери қару және әскери техника көрмесі 22 мамырда Астанада ашылды. 27 мемлекеттен қатысқан 300 компания  әскери қару мен техникада соңғы уақытта жеткен жетістіктерін көрсетті. Қазақстанның өнімдері 80 стендке топтастырылған. Көрменің қатысушылары мен қонақтары ҚР Қарулы күштерінің құрлық әскері мен әуе әскерлерінің әскери дайындықтарын тамашалады. Олар әуе техникасының, танктердің, әскери көліктердің мүмкіндіктерін көрсетті. Көрменің салтанатты ашылуына қорғаныс министрі Серік Ахметов, мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты. Көрме 25 мамырға дейін жалғасады. 

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети