Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Серік Ахметовтің үй қамауында болу бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды

17 Шілде 2015, 15:11
0
Серік Ахметов. Фото © REUTERS
Серік Ахметов. Фото © REUTERS

Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің үй қамауында болуы түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, осы қылмыстық істегі 20 күдіктінің уақытша ұстау изоляторында отырғандарға, кепілдікпен және ешқайда кетпеу қолхатымен босатылғандарға қатысты бұлтартпау шаралары өзгеріссіз қалды.

Осыған дейін Серік Ахметовтің ісіне қатысты алдын ала сот отырысының 27 шілдеде сағат 10.00-де өтетіні хабарланды. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істің сотқа жіберілгені белгілі болды. Сонымен қатар, оның ісін судья Исламхан Есенбаевтің қарайтыны анықталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Ахметов ісінің сотқа жіберілгені хабарланған болатын. Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай