Серік Сәпиев "Астана Арландары" клубының басшысы қызметінен кетеді

28 Ақпан 2017, 14:26
0
Серік Сәпиев "Астана Арландары" клубының басшысы қызметінен кетеді -

Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев "Астана арландары" клубының директорлық қызметінен кетеді. Vesti.kz тілшісіне Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты қатарына қосылғанына байланысты пікір білдірді.

"Мәжіліс депутаты ретінде мен енді "Астана арландары" клубының директоры қызметін атқара алмаймын. Дегенмен де мен клубқа жанкүйер боламын. Өйткені, мен бұл клубта екі жыл басшылық еттім. Бұл уақыттың ішінде біз WSB жобасының чемпионы атандық. Иә, депутат ретінде мен отандық спорттық дамуына бар күш-жігерімді салатын боламын. Бірақ "Астана арландары" менің есімде мәңгі қалады. Себебі, бұл менің басшы ретінде атқарған бірінші жұмысым", - дейді Сәпиев.

Айта кетейік, бүгін, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданған болатын. ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс еткен еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай