25 қараша 2017 13:26

Сейсмологтар Алматы маңындағы жандануы мүмкін қуатты жер сілкінісінің үш бірдей ошағын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстанның сейсмология институтының өкілдері Алматы маңында орналасқан жандануы мүмкін жер сілкінісінің үш ошағын атады, - деп хабарлайды "Астана" арнасы. 


Қазақстанның сейсмология институтының өкілдері Алматы маңында орналасқан жандануы мүмкін жер сілкінісінің үш ошағын атады, - деп хабарлайды "Астана" арнасы. 

"Алматы маңында қатты жер сілкінісін тудыруы мүмкін деген үш ошақ бар. Біріншісі - 1887 жылы болған Верный жер сілкінісі аумағында. Екіншісі - Кемин жер сілкінісі. Үшіншісі - оңтүстік шығыстағы Шелек ошағы. Алдағы бірнеше жылда Верный ошағы жандануы мүмкін деп отырмыз", - дейді "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" АҚ-ның зертхана меңгерушісі Әбдірахман Курекеев. 

Бұл ошақтар тым биікте болғандықтан өлшеу қиындық тудырып отыр. Курекеевтің сөзінше, қиындықтарға қарамастан мұнымен мамандар айналысып жатыр. Жерасты дүмпулерін анықтауға құрылғы ғана емес, жануарлар да көмектеседі екен. 

"Кей жануарлардың белсенділік уақыты ауысып кетеді. Түнде жүретін жануарлар күндіз белсенділік таныта бастайды және керісінше. Иттер белсенді болса далаға шығып қашуға тырысады. Тотықұстар не тым белсенді, не мелшиіп қалады", - дейді сейсмобиологиялық жасақ басшысы Сергей Шимов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети