05 қаңтар 2017 22:12

Шаханда полициядан қашып жүрген от жағушының әйелі өз болжамын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖ болған үйдің от жағушысы Майрамбек Жиенбаев. © КТК кадры ТЖ болған үйдің от жағушысы Майрамбек Жиенбаев. © КТК кадры

Шаханда болған апатқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша құлаған үйдің от жағушысы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.


Шаханда болған апатқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша құлаған үйдің от жағушысы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Одан жауап алынды деген кешегі ақпаратты бүгін полиция теріске шығарды. Тергеу органдары оқиға куәгерлерінің барлығынан жауап алған. Тек ізім-ғайым жоқ болған 41 жастағы от жағушы Майрамбек Жиенбаев қана табылмай жатыр. Бірақ істің ақ-қарасын анықтап алмай, ресми түрде іздеу сала алмаймыз дейді олар. Дегенмен, Жиенбаевты соңғы рет көрген әйелі оқиғаның басқаша болғанын айтады. 

Жанұясы Шаханда болғанымен, өзі Өзбекстан азаматы Майрамбек Жиенбаев от жағушылық жұмысқа өткен жылдың қарашасында тұрған екен. Апат болатын күні әдеттегі түнгі кезекке шығып, қасына ағасының 10 жастағы қызын ертіп кетіпті. Бірақ түнгі сағат оннан өте үйіне ентігіп кеп есікті қаққан.


От жағушының әйелі. © КТК кадры

"Жалма-жан есікті аштым, түріне адам қарауға келмейді, қап -қара боп күйген. Тек көзі жылтырап тұр. Қасында Гүлдана қыз бар. Шамасы газ баллон атылды-ау деп ентікті. Кірген жерде котел тұрады соның үстіне плита құлады деді", - деп әңгімеледі Шахан кентінің тұрғыны Фатима Бұқарбаева.

Жұбайы Фатимаға жоғарғы қабатта газдың жарылғанын жеткізіп, қызды тастап жұмысқа қайта кеткен. Сондықтан ол үй бірден құламаған деп болжайды. Әйтпесе, жертөледен 2 адам тірі шықпасы анық еді. Үйінді астынан денесі де табылған жоқ. Ал қашып кетті дегенге ол мүлдем сенер емес. 

"Қалтасында тиын жоқ, құжаттары жоқ түнгі 11-лер шамасында қайда кетеді?Кетсе де, қарға батып өледі ол. Әйтпесе, итпен де іздеген. Ұшты-күйлі жоқ", - дейді от жағушының әйелі.

Дегенмен, полиция қылмыстық істе әзірге куәгер ретінде қаралып жатқан одан жауап алу маңызды деп отыр. Тек оны табу ғана қалған.

"Оның тұрғылықты мекен-жайын анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Оны анықтағаннан кейін ғана аталған факті бойынша болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Отбасы да Майрамбекті табылса, істің анық-қанығы белгілі бола ма дейді. Сондықтан Фатима ішімдікті татып алмайтын жарының жұмыс орнын тастап кетуі немесе пешке дұрыс қарамауы мүмкін емес деп отыр (Дереккөз: КТК).

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласының маңындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети