Шахтинскідегі төтенше жағдай дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

02 Қаңтар 2017, 12:46
0
Шахтинскідегі төтенше жағдай дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды - © ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында үйдің опырылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

"Осы дерек бойынша соталды тергеу "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

ТЖ жөніндегі комитеттің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігінің опырылуы себебін анықтау үшін ведомствоарадық комиссия құрылған. Комиссияның құрамына Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, ТЖ жөніндегі департаменттің және Қарағанды облыстық әкімдігінің мамандары кірген.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай