17 наурыз 2017 20:57

Шалқардағы балабақшада түсірілген суреттің жай-жапсары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шалқардағы балабақшада түсірілген суреттің жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шалқардағы балабақшада түсірілген суреттің жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім бөлімінің өкілдері редакцияның ресми сауалына берген жауабында балабақша әкімшілігінің түсіндірмесін ұсынып отыр.

"Шалқар ауданының білім бөлімі "Жалобная книга Актобе" әлеуметтік желісінде жарияланып, қызу талқылаудағы суретке байланысты төмендегідей түсініктеме береді. Әлеуметтік желіде жарияланған сурет Шалқар қаласында орналасқан "№12 балабақша" КҚМК мектепке дейінгі білім беру ұйымында өткен 2016 жылдың наурыз мейрамына арналған ертеңгілігінің көрінісі. Ата-аналардың берген түсіндірмелері бойынша сол күні ертеңгілікке 7 ата-ана қатысқан. Ата-аналардың өздері балабақша әкімшілігіне арнайы мерекеге орай балалары үшін дастархан дайындауға өтініш жасаған", - делінген жауапта. 

Сондай-ақ, айтуларынша, алдымен балалары наурыз көже ішкен. Олар кіші топ жасындағы балалар болғандықтан, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ыстық тамақтарды ата-аналар өздері дайындап (кесіп-турап) берген. "Суретте ата-аналардың тамақ дайындау сәті түскен. Ал жеміс-жидектер ыстық тамақтан кейін балаларға таратып беруге дайыдап қойылған", - дейді білім бөліміндегілер. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда суреттегі 2 тәрбиеші де жұмыс орындарын ауыстырғаны белгілі болды, олар басқа мекемеде жұмыс істейді екен.

Бұдан кейін білім бөліміндегілер суреттегі балалардың бірінің анасының түсінтемесін жария етті. 


Ата ана Құрманова Ақбикенің түсініктемесі. © Tengrinews.kz

"Мен, Құрманова Ақбике №2 балабақшаның ата-анасымын. 2016 жылдың №12 балабақшасында өткізілген бөбектер тобының наурыз тойына басшылықтан рұқсат сұрап, келініміз екеуміз қатыстық. Бізден де басқа ата-аналар қатысты. Интернет желісінде жүрген суретте балалар наурыз көже ішіп, үлкен тағамды беруге ата-аналар дайындап, турап жатқанбыз. Жеміс-жидектерді тамақтан соң жуып дайындап қойғанбыз. Бұл жерде балабақша қызметкерлерінің қатысы жоқ. Наурыз тойы ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Түсініктеме өз қолыммен жазылды", - делінген түсініктемеде.

Айта кетейік, осыған дейін балабақшада балалардың дастарханда отырғаны түсірілген сурет жарияланып, қолданушылар қызу талқыға салған болатын. Қолданушылар бұл суретте балалар мен ересектер отырған дастархандарды салыстырған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети