Шамалған станциясындағы апат бойынша арнайы комиссия құрылды

15 Қыркүйек, 23:51
0
Шамалған станциясындағы апат бойынша арнайы комиссия құрылды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысындағы төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қыркүйекте сағат 19:08-де Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінің Алматы-Отар учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан. 

"Комиссия құрамына Көлік комитеті мен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері оқиға орнына жол тартты", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті

Еске салайық, апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тағы үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай