26 қараша 2019 09:50

Шамалғандағы апат: қаза тапқан жүргізушінің әйелі өз нұсқасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шамалған бекетінде жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрады. Лейла Жарылғасованың сөзінше, сот марқұм күйеуін шойын жол бойындағы қайғылы оқиғаға тікелей кінәлі деп тауып, істі жаппақ, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Шамалған бекетінде жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрады. Лейла Жарылғасованың сөзінше, сот марқұм күйеуін шойын жол бойындағы қайғылы оқиғаға тікелей кінәлі деп тауып, істі жаппақ, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Біз өттік, жасыл жанып тұрды. Диспетчер ешқандай шара қолданбады. "Қазақстан темір жолы" осы қойған адамына, қойған адамның жауапкершілігін өз мойына алсын. Мүгедек адамды қойған. Неліктен олар мүгедек адамды мұндай жауапты жұмысқа қойғанын түсіндірсін", - дейді қаза тапқан жүргізушінің жары Лейла Жарылғасова.

Лейла Жарылғасованың сөзінше, қазір темір жол компаниясының өкілі бүкіл айыпты автобус жүргізушісі Нұрғали Сорокубаға аударып, өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетпек. Оған қоса ұлттық компания диспетчердің 3-топтағы мүгедек екенін жасырып отыр екен. Куәлік етуге келгенде, екі сөздің басын құрай алмағанын көрдім дейді ол. Төрт баламен жесір қалған келіншектің уайымы көбейген. Үлкені биыл мектеп бітірсе, кенжесі 4 жаста. Бірер күн бұрын тергеуші марқұм күйеуіне қатысты істің жабылатынын айтқалы ұйқысынан айырылған. "Қаншама адамның өмірін сақтап қалған кісіні айыптау - күлкілі" деп есептейді жары.

Қазір Лейла төркінін жағалап жүр. Шамалған бекетіндегі жол апатынан соң күйеуінің туыстары оның өліміне әйелін кінәлап, келіншектен теріс айналыпты.

Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам жансақтау бөліміне түскен. Кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтқан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети