08 сәуір 2019 17:30

Шара қолданылады - Бас прокурордың орынбасары Рысқалиевке қатысты видео жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бергей Рыскалиев. Бергей Рыскалиев.

Бас прокуратура өкілдері Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бас прокуратура өкілдері Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Иә, әрине, біз бұл видеоны көрдік. Өкінішке қарай, біздің елде қылмыс жасап, шетелде жүрген бірқатар азамат бар. Қазақстанда оған халықаралық іздеу жарияланды, соның ішінде азаматты беру және экстрадициялау туралы әлі келісімшарт жасалмаған. Барлық арна бойынша шаралар қабылданады. Бізде сырттай айыптау құқығы бар. Сондықтан барлығы құқықтық алаң аясында шешіледі", - деді ОКҚ брифингінде Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

5 сәуірде БАҚ және әлеуметтік желілерде іздеу салынған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев түсірілген видео пайда болған еді. Бұл бейнеролик Лондон көшелерінің бірінде түсірілген. 

Атырауда Бергей Рысқалиевке қатысты сот үкімі шыққан еді

Айта кетейік, 2019 жылы 19 қаңтарда Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұрынғы әкімге өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдалана отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру, алаяқтық және пара алу айыптары тағылған. Мемлекет көрген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети