Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Шегеленген автодөңгелектердің Астана жолдарына кері әсері әлі анықталған жоқ

25 Сәуір 2014, 20:25
0
Фото РИА
Фото РИА

Шегеленген автодөңгелектері бар көліктердің  Астана жолдарына кері әсері әлі анықтала қойған жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты, Автомобиль жолдары департаментінің директоры Қалижан Құлманов мәлімдеді. 

Әзірге шегеленген дөңгелектердің кері әсері жөнінде нақты ғылыми-зерттеулердің жоқ екенін алға тарта келе ол "егер де көліктер легі көп болса әрине ол жолдарға кері әсерін тигізеді. Бірақ ол зиянның мөлшері қаншалықты болатынын мен дөп басып айта алмаймын. Мұны жүргізілген мониторигтен кейін айтуға болады" деді.

"Қазақстан жағдайында мұндай ғылыми зерттеулер әлі жүргізілген жоқ. Егер  мұндай көліктер елдегі жалпы көліктердің 15-20 пайызын құрағанда арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуге болатын еді. Әзірге бізде мұндай деректер жоқ. Мысалы, мың автокөліктің ішінде 1-2 көліктің  дөңгелегі осындай болса онда бұдан келер зиян анағұрлым көп болмайды", - дейді Қалижан Құлманов.

Сондай-ақ ол "егер арнайы тапсырма берілсе, мұндай көліктердің жалпы санын, көрсеткішін санап шығып, олардың көлік жолдарына қаншалықты зиян келтіріп жатқанын зерттеуге болады" дейді.  Бұған қоса ол бұл жерде еліміздің автокөлік жүргізушілері ондай дөңгелектерді тек қыс мезгілінде ғана пайдаланатынын және олардың  тұтыныла бастағанына тек 10 жылдың көлемі ғана болғанын, сондықтан жолдардың тозуын бұдан іздемеу қажеттігін да алға тартып отыр.

Сарапшы мұндай дөңгелектердің  елдегі автокөлік жолдарына емес, бұдан өзге қауіптілігі барын жоққа шығармайды. "Мысалы, жол жүріп келе жатқанда дөңгелектің шегесі ұшып кетіп келесі бір көліктің терезесін шағуы да мүмкін" дейді ол.

Еске салайық,  Астананың болашақтағы дамуына байланысты  Елбасының  қатысуымен өткен жиында  қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов  дөңгелегінде шегесі бар көліктердің қала жолдарына кері әсері барын айтқан болатын.

Астана қаласы әкімінің айтуынша, мұндай көліктер қаланың жолдарын 1 сантиметрге дейін тесіп жібереді. Осылай деген Астана әкімі Еуропада мұндай дөңгелектердің пайдаланбайтынын қоса сөз еткен болатын. 

Бұл тұрғыда қала әкімі Тасмағамбетов "Біз қаланы нашар тазаламаймыз. Қаланың көшелерінде асфальт қарайып көрініп жатады. Сондықтан біздің қаламызда  дөңгелегіне  шеге қағылған көліктермен жүру аса қажеттілік емес" дейді. Ал Елбасының "Аталған  дөңгелектердің  асфальтқа келтіретін кері әсері нақтыланған ба" деген сауалына  қала әкімі "бұл дәлелденіп отыр" деп жауап берген еді. 

Бұған қатысты Елбасы аталмыш мәселені қаланың мәслихатымен бірлесіп шешуді міндеттеген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай