06 қазан 2016 12:24

Шекарада ішімдік ішкен әскерилерге қатысты суретке ҰҚК өкілдері түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК өкілдері әскерилердің ішімдік ішіп отырған суретіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжам бойынша, сурет шекарада түсірілген. Айта кетейік, ішімдік ішіп отырған әскерилердің суреті әлеуметтік желілерде пайда болған.

Ведомстводағылар бұл азаматтардың қазіргі уақытта ҚР Шекара қызметінің қызметкерлері емес екендігін мәлімдеді. "Осы жылдың 3 қазанында әлеуметтік желілерде жарияланған сурет жайында біз ондағы барлық әскеридің қазіргі уақытта ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет етпейтінін хабарлаймыз", - деді ҰҚК өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері осы дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты. "Тексеру жұмыстарының қорытындысы жайлы қосымша хабарлайтын боламыз", - деді ҰҚК өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети