09 шілде 2014 16:54

Шекараны шегендеуді кейінге шегеруге болмайды!

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Отан мемлекеттік шекарадан басталады. Ал шекара ҚР Конституциясы бойынша сызықтармен бекітіліп, бағанмен белгіленеді. Украинаға қарағанда Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қарай ел шекарасының барлығын қымтап, бекітіп үлгерген, оған тәубе десеміз. Алайда толыққанды делимитацияланған, яғни шартпен бекітілген ең ұзын шекара – РФ мен Қазақстан арасындағысының кейбір тұсы әлі демаркацияланбай, белгісі қойылмай жатқандығы белгілі. Былтыр ҚР шекара жөніндегі үкіметтік комиссиясы Челябинск, Орынбор және Қорған облыстарымен шектесетін ұзындығы 859 шақырымды алатын мемлекеттік шекараға бағана қою мәселесін қарауды екі жылға шегерген еді. Өйткені бұл аумақтағы жер телімдері жалға беріліп, оны игеріп жатқан қос мемлекеттің шаруаларына белгілі бір деңгейде қиындықтар туғызған. Сондықтан жерді жалға алушыларға ескерту жасалып, шекара бағанасы екі жылдан соң бекітілетіндігі түсіндірілген. Бұл дұрыс та. Алайда бұл кешегі жағдай екенін "Алаш айнасы" басылымы еске салады. Ал бүгіндері іргедегі елдерде осы шекараға қатысты жағдай ушығып, тіпті территориясының тұтастығына қауіп төндіріп жатқандығының куәсі боп отырғанда мұндай мәселеге бей-жай қарап отыруға болмайды. Сондықтан жоспарда белгіленген 2015 жылды күтпей, бұл мәселені дереу арада бүгін қолға алу керек деп санаймыз.

• Біріншіден, өздеріңізге белгілі, посткеңестік кеңістікте шекараға қатысты дау-дамай мен кикілжіңдер қырғыз-өзбек, өзбек-тәжіктер арасында жиі көтеріліп отырады. Ал Украина үшін бұл мәселе қазір үлкен бас ауруына айналып отыр. Олар кезінде осы саладағы барлық құжатты көрші мемлекетпен мақұлдаспаған. Негізінен, шекараны делимитациялауды Киев билігі сәтті жүргізгенімен, ал демаркацияға келгенде, олар Мәскеуден үнемі қолдау таба алмаған. Мұндайда айтылған сылтау көп. Соның бірі – бауырлас халыққа шекара бағанасы қосымша кедергі келтіреді деген сөз болған. Шындығында Ресей Украинамен арадағы шекараны бекітуге мүлде құлықсыз еді. Қазір де солай. Сондықтан қайтадан көтерілген бұл мәселеде бүгіндері Мәскеу ақылға сыймайтын түрлі себептер ұсынып, Украинаның қытығына тиюде. Мысалы, жуырда Украинадағы РФ елшісі шекаралық аумақты сол ауданда тұратын халықтың таңдауына қарай белгілеу керектігін ұсынған, яғни, халық Украинамен бе, әлде Ресеймен тұрғысы келе ме, өзі шешсін деп онсыз да мұнда кең қанат жая бастаған тұрақсыздық отын үрлей түскен. Ал өз кезегінде Украина шекарасын, керек болса, Қытай секілді қорғанмен біржақты бекітіп алғысы кеп жатыр. Ресей Думасындағылар болса, біржақты шекараны белгілеу заңсыздық деп тулап бағуда. Осы жағынан алғанда, Украинадағы жағдай шекараға қатысты титтей күпті мәселенің саяси ойынның басты құралына айнала алатындығын көрсетіп беріп отыр.

• Екіншіден, Қырымдағы референдумнан соң осы жағдай Қазақстанда да қайталану ықтималдылығын ескерткен ресейлік саясаткерлердің жиі мәлімдемесі халықтың қатты алаңдаушылығын туғызғаны белгілі. Сандырақтады десек те санасында жүрген теріс ойын айтқандардың бірі Хакасия Жоғары Кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев Шығыс Қазақстан облысын Ресейге қосып алуға мүмкіндік барын мәлімдеді және оның жолы арада демаркацияланбай жатқан шекаралық аумақ екенін ашықтан ашық меңзеген еді. Кейін сөзінен жалтарып кеткен Штыгашевтің сол кезде айтқанына сөзбе-сөз тоқталсақ: «ТМД елдері аясында демаркация жасауға онша құлық танытылмады. Неге? Өйткені жергілікті халық бұрынғы аумақты жаңғыртқысы келетін уақыты болуы мүмкін деп күтілді...»

Міне, осындай қоғамға үрей туғызатын, тәуелсіздігімізге селкеу түсіретін мәлімдемелер жасалып жатқанда-ақ бізге тез іс-қимылға көшу керек еді. Дегенмен әлі де кеш емес.

• Үшіншіден, құзіреті қарапайым халық үшін әлі де нақты емес Ресейдің әскери полициясының Қазақстан территориясына енуі де белгілі бір деңгейде қоғамдағы қорқынышты зорайтқан. Ал қауіп күткен жағдайда қос елдің мызғымас достығы туралы мемлекетаралық деңгейдегі кез келген игі шара жоққа шығатындығы белгілі. Бұған да жол бермеу үшін шекараның бағанасына қатысты мәселені дереу қолға алу керек деп ойлаймыз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети