Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шекарашылар Алматыда Қытай азаматынан Қазақстан төлқұжатының бланкілерін тәркіледі

17 Наурыз 2014, 13:24
1
©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Қытай азаматынан 300-ге жуық Қазақстан төлқұжатының бланкілері тәркіленді. Олар Алматы аэропортынан ұшайын деп жатқан жерінен ұсталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы" өткізу-бақылау пунктінің шекаралық наряды "Алматы-Гонконг" бағытындағы КС-929 рейсін рәсімдеу барысында екі Гонконг азаматын ұстап, олардың қол жүктерінен 291 дана ҚР шетелдік ұлттық төлқұжатының бланкілерін анықтап тәркіледі, олардың 250-і көк түсті болса, 40 данасы күрең қызыл түсті болып шықты, сондай-ақ күрең түсті төлқұжаттың біреуінде фотокарточка мен бағыттық деректер жазылған", - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен бірге ведомствоның мәліметінше, оларда аталған төлқұжаттармен бірге құжатты түпкілікті дайындап, пайдалануға қажетті бір орам голографикалық лента қоса болған. "ҚР ҚПК 185-бабын басшылыққа ала отырып аталған дерек бойынша материалдар ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберілді",- дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай