12 шілде 2018 09:18

Шелектегі ауруханада тағы да шу шықты: Ауылдықтар мекеме басшылығына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш қызметкері ажал құшқан Алматы облысы Шелек ауылындағы ауруханада тағы да шу шықты. Бұл жолы жұмысшылар ендігі қасірет құдықтан емес, жанармайды сақтайтын қоймадан шыға ма деп қауіптенеді. Өйткені осыған дейін жедел-жәрдем көлігіне құйылатын бензинді канистрада сақтап, ешқандай техникалық талап сақталмаған жерде құйып келген. Сонымен қатар, орталық ауруханадан не көмек, не дәрі ала алмай жүрген науқастар да бүгін жанайқайларын жайып салды. Бірақ, бас дәрігер олардың базыналарын құлағына да ілген жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

"Тағы басқа адамдар зардап шекпесін деп өзім түсірдім. Кейін балама айтып ютубқа шығарттым. Себебі біреудің өртеніп өлмеуіне кім кепіл?", - дейді жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі Бақытжан Беков.

Былықты әшкерелеген видеоның тарауы сол-ақ екен, аурухана басшылығы қойманы бір-ақ түнде тып-типыл тазалап, құлыптап тастаған. Журналистердің айтуынша, жағдайды түсіндіре ме деген бас дәрігер Жақып Желеуовтің амандығы микрафонға бас салудан басталған.

"Желеуов бір жауаптан жалтарам дегенмен, өкпелері қара қазандай жұртшылық қанша жылдан бері қағажу көргізді деген аурухана бассыздығын бас дәрігердің бетіне басты. Бірі аурухананың тиісті дәрісін бермей тарығып, дәріханаларға сандалтып титықтандарынан зәрезәп болса, екіншілері ауырып келген науқасты қабылдамай қайтарып жүретіндерінен қорлық көрген", - дейді телеарна тілшілері.

Шелектегі аурухананың жыры мұнымен бітпейді екен. Көптен жөндеу көрмеген мекеменің сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Лифт істемейді. Дәлізде жыртылған орындық. Сөгілген қабырға. Шұрық еден. Шелектегі жағдайдан облыстық әкімдік те хабардар.

"Қазіргі таңда облыс әкімдігі тарапынан аталған аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті құрылыс құжаттарының бәрі дайын. Нысанға денсаулық сақтау министрлігінің орынбасары өзі барып мән жаймен танысып, біліп қайтты", - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Кірпіші өткен ғасырдың 70 ші жылдары қаланған бұл аурухананың күрделі жөндеу көрмегеніне көп болған. Ішін түгендеп, сыртын бүтіндеуге орташа 654 миллион теңге қаражат қажет екен. Осы соманы аурухана басщылығы былтыр қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігінен сұраған. Бірақ әзірге бөлінген қаржы жоқ, сол себепті қолдан келер шара жоқ деп қарап отыр. Сондықтан жуық арада шырылдаған шелектіктердің мәселесі шешіледі деп айту қиын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкердің қайтыс болғаны жайлы хабарланған еді. Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети