27 наурыз 2017 | 17:43

Шенеуніктер Алматы-Талдықорған тасжолындағы шұңқырды бітеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов Алматы-Талдықорған тасжолында пайда болған шұңқырды тексеріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов Алматы-Талдықорған тасжолында пайда болған шұңқырды тексеріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнына әкімнің орынбасары "ҚазАвтоЖол" АҚ өкілдерімен және осы аумақты салған "Құлагер" ЖШС мердігер ұйымымен бірге барды.

Алматы-Талдықорған тасжолының 224 шақырымында қиыршықтасты қамалдың бір жағының қирағаны анықталды. Бірақ жол төсемі бүлінбеген. Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжнов бұл мәселенің облыс әкімі Амандық Баталовтың ерекше бақылауында екенін және өзінің осында облыс әкімінің тапсырмасымен келгенін айтып өтті.

"Көріп тұрғанымыздай, жол төсеміне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ қираған бөлікті қайта қалпына келтіру керек. Мұндай жағдайларды болдырмауға қатысты шаралар қабылданды. Сондай-ақ, тасжол бойындағы арық жүйелерін бақылауға алуға қатысты шаралар қабылданды", - деді әкімнің орынбасары.

"Құлагер" ЖШС құрылысшылары қайта қалпына келтіру жұмыстарына бірден кірісті.


Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер.

Еске сала кетейік, осыған дейін куәгер Алматы-Талдықорған тасжолындағы үлкен шұңқырды видеоға түсіріп алған болатын. Видео авторының айтуынша, шұңқыр Алғабас ауылының маңындағы жаңа салынған көпір жақта пайда болған. Осылайша, куәгер жолдың құлап кетуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. "Тағы біраз уақыттан кейін көпір құлап кетуі мүмкін. Жүргізушілер, сақ болыңыздар. Дабыл қағыңыздар", - дейді видео авторы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети