28 қазан 2016 10:53

Шенеуніктердің жат қылығы бірден әлеуметтік желілерде тарап кетеді - Жақсыбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы мемлекеттік қызметкерлердің әдепсіз қылықтарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы мемлекеттік қызметкерлердің әдепсіз қылықтарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің кеңейтілген отырысында Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлерді әдеп сақтауға шақырды.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер халықтың назарында. Барлығы бір сәтте Интернет пен әлеуметтік желілерде тарап кетеді. Соңғы кездері кейбір басшылардың қисынсыз әрекеттері қоғамда үлкен шу шығарды. Алматы облысындағы Қапшағайдың бұрынғы әкімі оған қабылдауға келген азаматқа әдепсіз қылық танытты. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімін ұрып-соғып кетті", - деп келтірді болған оқиғаларды Әділбек Жақсыбеков.

Сонымен қатар, ол осы оқиғаларға Президент Әкімшілігі араласқан соң әкімдіктер мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаменттері қажетті шараларды қолданды.

"Ереже бұзғандар жұмыстан қуылды. Сіздер мұндай деректердің мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіріп, билікке деген сенімді жоқ қылады. Агенттік өкілдері осы бағытта барынша күш салып, жұмыс істеу керек. Әдепсіз қылық көрсеткен мемлекеттік қызметкерлер қатаң жазалануы тиіс", - деді агенттік өкілдеріне Әділбек Жақсыбеков.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен этикалық кодекстің қабылданғанын еске салды.

Осыған дейін Әділбек Жақсыбеков министрліктегі қызметкерлердің санын қысқарту мәселесін көтерген болатын. "Мұнда бізге толықтай талдау жүргізу керек: яғни, неліктен бізде бос жұмыс орындары көп. Мүмкін министрлік дегендердің санын қысқарту керек шығар? Міне, осы ретте үнемдеу болу керек", - деді ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети