14 қараша 2017 11:19

Шешенстан басшылығы Сириядан эвакуациялаған қазақстандықтардың кім екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялаған үшін Шешенстан басшылығына алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялаған үшін Шешенстан басшылығына алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Шешенсатн астанасы - Грозныйға Сиряның қақтығыс болып жатқан аймақтарынан бір топ адам жеткізілгені белгілі. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Олар Орал қаласының 1988 жылғы тұрғыны (әйел адам) мен оның кәмелетке толмаған төрт баласы. Грозный әуежайында оларды Ресейде Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі. Біз Ресей тарабы мен Шешенстан Республикасының басшылығына шынайы ризалығымызды білдіреміз", - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметініі жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Еске салайық, 13 қараша кешкісін Грозный қаласының әуежайына 40 жолаушысы бар - Сирияның қақтығыс болып жатқан аймағынан құтқарылған 12 әйел мен 29 бала мінген арнайы рейспен жеткен ұшақ қонды. Рамзан Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі парақшасы арқылы құтқарылған әйелдер мен балалар "ібліс лаңкестерінің қатарын толтырған" әкелері мен күйеулерінің "қылмыстық ессіздігінен" қақтығыс жүріп жатқан жерлерде қалып қалған деп мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети