13 мамыр 2019 14:27

"Шешіміңізді қолдаймын" - Трамп Назарбаевқа хат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Еліңіз үшін тарихи сәтпен құттықтаймын. 30 жылдық қызметте сіз табысты мұра қалдырып отырсыз. Мен сіздің конституциялық транзит рәсімдерімен жүру шешіміңізді қолдаймын", - деп жазды Трамп.

Дональд Трамп 2018 жылы Назарбаевтың Ақ үйге сапары АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. 

"Біз екіжақты қарым-қатынасымызда үлкен табыстарға қол жеткіздік, мен америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық үшін барынша кең ауқымда жұмыс істеп келе жатқанына қуаныштымын. Қазақстан бүкіл әлемде сіздің мұқият басшылығыңызбен табысқа жетті. Мен Президент ретінде сіздің қолдауыңыз бен жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын, енді мен Президент Тоқаевпен осындай тығыз қарым-қатынасты тағатсыздана күтемін. Сіздерге болашақ бастамаларыңызға сәттілік тілеймін", - делінген хатта.

Хаттың суретін Тұңғыш Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Twitter желісінде жазды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети