29 қараша 2019 18:09

Шет елдердегі қазақтармен байланысты нығайтудың мәселелері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ мен "Отандастар қоры" КЕАҚ шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік тапсырма аясында қандастардың қатысуымен "Болашаққа бағдар" атты Халықаралық дөнгелек үстел өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз-хатшысы Сырымбек Төлеуұлына сілтеме жасап.

Іс-шара "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ және "Отандастар қоры" КЕАҚ ұйымдастыруымен шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатын көздеген ДҚҚ мен "Отандастар" қорының негізгі жобаларының бірі "Қазақ үйі" Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтарының әлем бойынша желісін құру жоспары талқыланады. Бірлескен жұмыстың нақты ұсыныстары әзірленеді.

Жиынға мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков пен "Отандастар қоры" КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев және Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қатысты.

"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында арнайы тапсырма беріп, қазақтың мерейін көтеретін жұмыстар атқаруды тапсырды. Шет елдердегі қазақ диаспораларының білім алуына, ана тілін үйренуге, тарихи отаны мен мәдени-гуманитарлық байланысының артуына мүмкіндіктер ашты", - деді Зауытбек Тұрысбеков.

Қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен өңірлерде бизнесті дамыту үшін жасалған жағдайлар жайында ақпарат беріледі. "Атамекен" іскерлік үйінің панельдік сессиясында Іскерлік үйінің мақсаты мен міндеті, қандастарды қолдау орталығының жұмысы жайлы айтылды. Шет елдерде өткізілген бизнес форумдар қорытындыланады. Түркия, Швеция, Еуропа елдерінен келген қандас кәсіпкерлер сөз сөйледі. "ҚазАгро", "Бәйтерек" холдингтері мен "ҚазақИнвест" ҰАҚ өз тараптарынан қандас кәсіпкерлерді қолдау мүмкіндіктерімен бөлісті.

Жиынға әлемнің 26 елдегі қазақ диаспораларынан 150 делегат қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети