09 шілде 2015 10:21

Шетел азаматына берілген қазақстандық бала анасына қайтарылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vsedela.ru © vsedela.ru

Шетел азаматына берілген қазақстандық бала анасына қайтарылатын болды, - деп хабарлайды "24.kz".


Шетел азаматына берілген қазақстандық бала анасына қайтарылатын болды, - деп хабарлайды "24.kz".

Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасы Ескелді ауданындағы Қарабұлақ кентінің тұрғыны Инна Лапшинаның ата-аналық құқығын қайта қалпына келтіру туралы істі қарады. Ол 2 жыл бұрын мамандандырылған сот шешімімен ата-аналық құқығынан айырылған. Арада бір жыл өткенде оның 6 жасар ұлы Валерий Лапшинді асырап алу жөнінде арыз берген шетел азаматының талабы қанағаттандырылған.

Айта кетейік, прокуратура органдары бұл шешімнің дұрыс емес екенін анықтады. Қазір бала Талдықорғандағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ол таяуда анасына қайтарылады.

"Апелляциялық сот алқасында қаралып, бірінші инстанциядағы сот шешімі бұзылды. Лапшина Инна Владимировнаның қайтадан ата-ана болу құқығы қанағаттандырылды және сот шешімі жарияланған уақыттан бастап заңды күшіне енді", - дейді облыстық прокуратураның төртінші басқарма прокуроры Жәнібек Қапсаламов.

Өз кезегінде Инна Лапшина өз құқығын қорғаған облыстық прокуратураға және шешім шығарған облыстық сотқа алғысын білдірді.

"Мен анамын ғой. Өз баламды өз бауырымда өсіріп, тәрбиелеу мен үшін үлкен бақыт. Баламды қарамағыма алатын күнге асығып жүрмін", - дейді ол. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети