16 желтоқсан 2016 15:38

Шетелде "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүрген жастар Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

"Болашақ" бағдарламасының стипендианттары қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Болашақ" Қауымдастығының өкілдеріне сілтеме жасап.


"Болашақ" бағдарламасының стипендианттары қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Болашақ" Қауымдастығының өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 мерейтойын тойлауға "Болашақ" Қауымдастығы "KazAlliance" ҚБ қолдауымен "Болашақ" бағдарламасының стипендианттары атынан бейнеқұттықтау дайындады.

"Әлемнің түрлі елдері мен ЖОО-да білім алушы біздің студенттер мемлекеттің Тәуелсіздік мерейтойына шын ықыласпен жылы тілектер арнаған бейнеқұттықтау түсірді. Бүгінде 12 мыңнан аса қазақстандық Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендианттары, олардың 8 мыңнан астамы қазір экономиканың түрлі салаларында қызмет атқарып жатыр. Бүгінде, мыңнан астам жас шетелде білім алуда, Отаннан жырақ болса да, алған білімдерін және тәжірибелерін еліміздің әрі қарай дамуына қолдануға ниет білдіреді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, бұл бейнеқұттықтаудың "Болашақ" Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қауымдастықтың 15 жылдығына орай арналған "25 Қайырымды іс" жобасының аясында жүзеге асырылып отырғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети