14 тамыз 2014 20:50

Шетелдегі қазақстандық студенттер қазақ тілін дамытудың жобасын іске қоспақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет nurotan.kz сайтынан алынды Сурет nurotan.kz сайтынан алынды

Қытайдағы қазақстандық студенттер «Жайдарман» немесе «Қазақша КВН» жобасын «Alemzhastary.kz» бірыңғай жаһандық студенттер желісі арқылы дамытып, қазақ тілінің дамуына үлес қоспақ. Бұл жоба бүгін шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ІІІ слетінде таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты nurotan.kz-ке сілтеме жасап.


Қытайдағы қазақстандық студенттер «Жайдарман» немесе «Қазақша КВН» жобасын «Alemzhastary.kz» бірыңғай жаһандық студенттер желісі арқылы дамытып, қазақ тілінің дамуына үлес қоспақ. Бұл жоба бүгін шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ІІІ слетінде таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты nurotan.kz-ке сілтеме жасап.

Жоба шетелде білім алып жатқан қазақстандық жастарға арналған.

Жоба авторы, Қытай студент жастарының көшбасшысы Тілектес Адамбековтың айтуынша, олар биылдың өзінде Қытай Халық Республикасының 5 қаласында қазақстандық студенттер арасында осындай ұлттық әзіл-қалжың турнирін өткізіпті. Оған 500-ге жуық жас қатысқан.

«Қытайда Қазақстаннан 10 мың студент оқиды. Алайда, басқа елде бұл жастар жастар саясатымен шұғылданбайды. Сондықтан Шанхайда «Жайдарманды» өткізу біз үшін өте маңызды болды. Біз мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келді. Жастарды қазақ тілінде сөйлеуге қызықтырсақ дедік. Мұның ең жақсы тәсілі – қалжың болмақ. Егер кімде-кім мемлекеттік тілде қалжыңдай алатын болса, демек ол өз ойын мемлекеттік тілде жақсы әрі түсінікті етіп жеткізе алады деген сөз», - дейді идея авторы, Қытайдағы студент ұйымының жетекшісі Тілектес Адамбеков.

Жоба авторларының идеясы – «Жайдарман» жобасын әрбір елде іске қосып, әрбірінде қазақ тілін жетік білетін чемпиондарды анықтау. Әрі олардан халықаралық «Жайдарман» құрамасын жасақтау.

«Әр елдердің чемпиондары келесі жылғы өтетін Слетте өнер көрсетсе деп ойға алып отырмыз. Бұнан кейін шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер арасында «Жайдарман» Чемпиондар лигасын құру. Ал шетелде жергілікті КВН лигасын құру ойда бар. Жеңімпаз команда Қазақстанның КВН Жоғары лигасына қатысатын болады», - деді өз жоспарымен бөліскен Тілектес Адамбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети